«Жамбыл облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер — әйелдерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауларын бастады деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
Ардагер әйелдерді Француз үйінің директоры Роза Исаханова, «Бәйтерек тревэл центр» ЖШС директоры Балагүл Махатова, «ПетроКазахстан» ЖШС қаржылық директоры Светлана Садыева, «Айжанат» ЖШС директоры Бақыт Талдыбаева, «JAMBYL» ТА редакторы, ақын Ғайни Әлімбекқызы, «Жамбыл облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, Тараз қалалық мәслихат депутаты, «GOODMAKER» ЖШС директоры Әмина Қайназарова аралады.
— Жамбыл облысындағы іскер әйелдер ассоциациясы 10 жыл қатарынан 9 — мамыр Жеңіс күніне орай ардагер — әйелдерді үйлеріне барып, көңілдерін сұрап сыйлық жасап жүрген жөніміз бар. Соғыстан келген біздің ата-аналарымыз және туыстарымыз бар, бірақ Жеңіске үлес қосқан басқа әжелерімізді ұмытпауымыз қажет — деп мәлімдеді Әмина Рысбекқызы.
Айта кетерлігі, іскер әйелдер ассоциациясы облысымыздың қоғамдық жұмысына әрдайым атсалысып белсенділігінің бірінші көрінісі емес. Олардың жобаларына қиын өмірлік жағдайдағы әйелдермен жұмыс жасау және көмектесу, гендерлік теңдікті сақтауға үлес қосу, жетістікте жеткен және жетістікке жету жолдарын іздеп жүрген әйелдерге әрдайым қол ұшын созуда.