Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстарды реттейтін дін саласындағы заңнамалар
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) 7 бабы, 1 тармағы, 1) тармақшасына сәйкес құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта:
— құлшылық ету орындарында,
— діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында,
— зираттар мен крематорийлерде,
— жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда,
— қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады).
Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Аталған Заңның нормалары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490 бабы, 1 тармағы, 1) тармақшасына сәйкес дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге белгіленген талаптарды бұзу – жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға — қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.