«77 ТV» ТЕЛЕАРНАСЫ АНАЛАР ҮЙІНДЕ

Мұсылман қауымы қайырымдылық жасау-сауапты іс екенін жақсы түсінеді. Әсіресе, жамағат қасиетті рамазанда жақсылық жасауға тырысады. Бірі ораза ұстаған жанға ауызашар берсе, бірі мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек беріп жатады. Осындай игі шараны 77 ТВ коммерциялық телеарнасының жас ұжымы іске асырды. Ораза айтк күндері шаһарда орналасқан «Аналар үйінде» болып, дастархан жайып, жас аналардың хал-жағдайын біліп қайтқан еді.
«Бұл орталықта — құрсақ көтеріп, еш қолдаусыз, көмексіз қалған нәзікжандылар өмірден күдерін үзбей, қайта бейімделеді. Мұнда тұрақтаған әр жанның тағдыры әр қилы. Тағдыр тәлкегіне түсіп, отбасылық жағдайына байланысты баспанасыз қалғандарға орталық әрдайым көмек қолын созуға дайын. Осында келген аналарға ең алдымен психологиялық көмек беріледі» — деді Ләззат МҰХТАРОВА АНАЛАР ҮЙІНІҢ ПСИХОЛОГЫ.
Қазіргі күні Қазақстан бойынша 18 меценаттың демеушілігі арқылы ашылған 25 Аналар үйі бар. Тараз қаласында оның екеуі жұмыс істейді. Әлеуметтік орталақтар 3 жыл ішінде 140-қа жуық жас анаға көмек көрсеткен.

Тегтер: ,

Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X