Тараз қаласы бойынша мектептер мен балабақшаларының жай-күйі

Өткен мешін жылында 94 мектепке дейінгі білім мекемесі, оның ішінде 44 мемлекеттік балабақша мен 21 шағын орталық және жеке меншік 29 балабақша мен 1 шағын орталық жұмыс жасаған. Аталған ұйымдарда 1-6 жас аралығындағы 18 003 бала мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған болса, жалпы балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылу үлесі 1-6 жас аралығында 66,2 пайызды, 3-6 жас аралығында 85,0 пайызды құраған. Мұнымен қоса, білім саласының 8 нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қазынадан 1 млрд. 224 млн. теңге қарастырылып, 6 мектеп, 3 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 10 білім мекемесінде 114827 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

Жалпы алғанда, 2016 жылы әлеуметтік салаға 22 млрд. 395,6 млн. теңге немесе қала бюджетінің 68,7 пайызы жоспарланған. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 1 млрд. 624,7 млн. теңге қарастырылған. Есепті кезеңде 300,3 млн. теңгеге 22766 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілген болса, оның ішінде 12,9 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 147,6 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі, 139,8 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы. «Өрлеу» бағдарламасы аясында 74 отбасының 458 адамына 23,4 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай монумент құрылысын салып, қосалқы аумағын абаттандыру, Төле би даңғылының сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңғырту, Төле би даңғылы Керімбай орта мектебінің маңында жер үсті жүргіншілер көпірінің құрылысы салынып, нысан қолданысқа берілді. Тәуелсіздік жылдары бір ғана облыс орталығында екі мөлтек ауданы (Астана, Бәйтерек) мен «Арай» алабы соғылып, 11 мектеп, 56 мектепке дейінгі мекеме, екі мектептен тыс балалар шығармашылығы орталығы, алты денсаулық нысаны, бір мәдениет және алты спорт кешені пайдалануға беріліпті.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X