Манжуов «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын беру бойынша пікір білдірді

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов «Мен қабылдай алмаймын» атты пост жарық көрді. Постта «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын қайта қарау керектігі айта кетті.
— «Таңдау жасағанда, үміткерлердің жоғары лауазымда болғаны ескерілуі қажет пе, жоқ па деген тұста пікір екіге бөлінді (олар жұмысы үшін тиісті жалақы, марапаттар алды, басқа да артықшылықтарға ие болды). Құрметті азамат деген ол лауазым емес, ол оның сіңірген еңбегі үшін қоғамның құрмет тұтуы» — деп жазған болатын.

Ерқанат Нұрбапаұлын қолдау білдіріп пікір білдіруде. Оның арасында «Зайтуна Оразалиева; Расында да атқамінер азаматтар өз уақытында атағын да, көлігін де алды ғой. Бұл атақты қолы жеткен емес, еліне адал қызмет атқарғандар алу керек! Және де сала бойынша бөліп, соның ішінде лайықтысына беру керек! Бір өкініштісі, тонын пішіп, тігіп, дайын болғанда депутаттарға бекітуге әкелгендері дұрыс емес!», «Жарылкасын Нуралиев: Ереке ! Вы подняли очень актуальную тему. Поддерживаю вас ! Пора навести порядок в этом хозяйстве , особенно в районах» делінген пікірлер келді. Осы постты комиссиямен облыстық әкімдікте отырған атқамінерлер нәтиже шығарса игі.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X