Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Абай Құралбекұлы 6-27 қазан аралығында «Сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу туралы бүкіләлемдік күні» шеңберінде әйелдер денсаулығын қорғауға арналған акция туралы баяндады.
2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күресу туралы Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 6-27 қазан аралығында әйелдер ленсаулығын қорғау шеңберінде «Сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу бүкіләлемдік күніне арналған айлық» өткізілуде.
Сүт безі қатерлі ісігі (СБҚІ) әлемде оның ішінде Қазақстан Республикасында да өзекті мәселе болып отыр. Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында әйелдерді скринингтік тексерудкен өткізу Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру өте уақтылы болды және Қазақстан Республикасында әйелдер денсаулығын корғауда үлкен әсер етті.
Әлем бойынша жыл сайын 1 250 000 жаңа сүтбезі қатерлі ісігі тіркеледі, оның 55 000 Ресейде. Қазақстан Республикасы бойынша жыл сайын 4600-5000 жаңа сүт безінің қатерлі ісігі тіркеледі.
Жамбыл облысында 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша — 7017 (2017 ж-6570) онкологиялық аурулармен есепте тұрады, оның ішінде алғашқы рет анықталғаны — 1133 ауру (2017ж — 1175), аурушаңдық көрсеткіші — 101,7 (2017ж — 105,9), яғни аурушаңдық көрсеткішінің аздап төмендеуі байқалады. Аурушаңдық көрсеткіші Қордай — 59,4, Жуалы — 67,3, Т. Рысқұлов — 78,1, Шу — 79,3 төмен болып тұрғаны анықталды, яғни қатерлі ісікті белсенді түрде анықтау төмен деген сөз (медициналық тексеру, скрининг тексеру, халықпен жұмыс істеу төмен болғаны анықталады).
Алғашқы анықталған 1113 онкологиялық аурулардың I-II сатысындағысы 59,5% (2017-58,6%) Денсаулық бағдарламасы бойынша индикаторға қол жеткізілді. Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау мақсатында бұл жұмыс жалғастырылуда.
Сүт безі қатерлі ісігіне тоқтасақ, осы туралы айлық өткізіліп жатқаны белгілі, 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сүт безі қатерлі ісігімен — 1368 әйел есепте тұрады, онкологиялық аурулардың құрамы бойынша — 19,5%, яғни бірінші орында тұр (2017ж – 1246, 18,9%). Олардың ішіндегі алғашқы рет анықталғаны — 144, онкологиялық аурулардың құрамы бойынша — 10,7%, (2017ж – 141, 11,9%). 2018 жылы қайтыс болғандар саны — 38, 2017 жылы — 60, яғни өлім көрсеткішінің төмендеуі байқалады.
Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың бір тәсілі әйелдердің сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болуы, сондықтан осы айлық жүргізіліп жатыр, екішіден 30 жастан асқан әйелдердің жылына 1 рет жергілікті емханалардан әйелдерді тексеру кабинетінен өту және нысаналы топтағы әйелдердің сүт безі обырын ерте анықтауда скринингтік тексеруден өтуі (жергілікті емханаларда маммографиялық тексеруден өту) және әйелдердің сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін білу.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтауда бастапқы медициналық санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарына үлкен үміт артылуда, яғни халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, скринингтік тексеруден өткізу, ерлер мен әйелдерді қарау кабинеттері жұмысын жандандыру болып табылады.
Осы мәселе бойынша 2018 жылдың 8-12 қазан аралығында Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының профессоры Н.Т. Балтабековтың қатысуымен «Онкологиялық ауруларды ерте анықтау алгоритмі» бойынша мастер-класс өткізілді. Мастер классқа әр БМСК бойынша 7-10 медициналық қызметкелер қатысты (бас дәрігерлердің орынбасарлары, онкологтар, БМСК дәрігерлері, қарау кабинеттерінің мамандары т.б.). Барлығы 150 адам дайындалды. Бұл сүт безі обырын және көзге көрінетін қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтауға көмегін тигізеді.
Қазіргі таңда сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша скринингтік тексеруден өткізудің маңызы өор.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 25 қарашадығы № 995 бұйрығы бойынша сүт безі қатерлі ісгін ерте анықтау скринингі бойынша нысаналы топтағы әйелдердің жасы 40 тан 70 жас аралығы болып есептеледі, яғни, әр әйел 2 жылда 1 рет жергілікті емханада маммографиялық тексеруден өтуге тиісті.
Жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша нысаналы топтағы әйелдердің жасы 30 дан 70 жас аралығы болып есептеледі, яғни, әр әйел әр 4 жылда жергілікті емханада әйелдерді қарау кабинетінде цитологиялық тексеруден өтуге тиісті.
Тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша нысаналы топтың жасы 50 дан 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер болып есептеледі, яғни, әр адам әр 2 жылда жергілікті емханасында гемокульттест тексеруден өту керек.