ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЦИФРЛЫҚ ЭФИРЛІК ТЕЛЕДИДАРҒА КӨШІРІЛЕДІ

 

 

 

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Мақсат Қойшыбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Мақсат Төлегенұлы цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу туралы баяндады.

Жамбыл облысында ЦЭТТ енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру толығымен аяқталды. 44 цифрлық таратқыштарды қосумен, 43 радиотелевизиялық станциялар салынды және жаңғыртылды. 1 млн-нан астам адам тұратын 377 елді мекен қамтылған, яғни облыс халқының 99% — ы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген.

Спикер атап өткендей Тараз қаласында 25 телеарна, ал облыс орталығынан төменірек  15 телеарна көрсетіледі. Облыс орталығында көрсетілетін телеарналардың саны 30-ға дейін арттыру мүмкіндігі бар.

2018 жылдың 26-28 қарашасы  аралығында облыста эфирлік телехабар таратуға  көшу жоспарланып отыр. Цифрлық теледидарға көшуді іске асыру мақсатында ақпараттық іс-шаралар өткізілді және өткізіліп жатыр.

Атап айтқанда, жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) 192 материал жарияланды. Сонымен қатар, облыстық газеттерде «AQJOL APPARAT», «ZHAMBYLNEWS»,» Туран инфо», «08info.kz» және «Alternativ.kz» ақпараттық агенттіктерде 27-ден астам материал орналастырылған. Облыстық «ZHAMBYL» телеарнасында «Жамбыл облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға көшіріледі», «халықтың сандық сауаттылығын арттыру-басты міндет» (мемлекеттік және ресми тілде) тақырыптарында  10 сюжет көрсетілді.

Сондай-ақ, телеарна эфирінде «OTAU TV «ұлттық телехабар тарату туралы»,» жаһандану жағдайында сандық күн тәртібін жүзеге асыру туралы»,» цифрлық эфирлік теледидарға көшу «және» 3D графика» тақырыптарына 300-ден астам бейнеролик жарияланды. Тараз қаласында және «Қазпошта», «Халық банк» ұйымдарында орналасқан «3 LED» экрандарында, сондай-ақ ауданның 10 емханасында «OTAU TV-ға қосыл», «Отау ТВ цифрлық хабар таратуға көшу», «Цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу» тақырыптарында бейнероликтер тұрақты негізде ағымдағы жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін күніне 50 рет мерзімділікпен 230 мың рет көрсетіледі.

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мекемесінің алаңында «цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуге»арналған 1 баспасөз конференциясы өтті. Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданында аналогты телехабар таратылымдарды өшіру және цифрлық телехабар таратылымға көшу туралы 56 ақпараттық билбордтар және 250 флайер орналастырылған. Облыс әкімдігі басқармаларының, Тараз қаласы және 10 ауданның ресми сайттарында 200-ден астам материал жарияланды.

Облыс әкімдігі басқармаларының, Тараз қаласы және 10 ауданның ресми сайттарында 200-ден астам материал жарияланды. Тараз қаласында 5 автобус аялдамасы түнгі уақытта жарық түсіретін аналогтық хабар таратуды өшіру бойынша баннерлермен жабдықталды.

Сондай-ақ, цифрлық телехабарлауға көшу туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі топ құрылды, оның нәтижесі бойынша ол топтар 2200-ден астам адам тұратын 72 ауылдық округті аралады.

Сонымен қатар, жұмыстарды аудандық, ауылдық әкімдіктер мен оның бөлімшелерінің қызметкерлері одан әрі жүргізді. Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айына Жамбыл облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 10864 отбасын, яғни ол 55268 адамды құрайды. Оның ішінде 1955 отбасы цифрлық  жабдықтарды орнатуды қажет етеді.

Жергілікті бюджеттен қажетті қабылдау жабдықтарын сатып алу үшін 14 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді. Әрбір аудан тізімдерді өзі қалыптастырады, сатып алу бойынша қажетті рәсімдерді жүргізеді және осы санаттағы тұлғаларды (АӘК) ұсынады.

Бүгінгі күні, өткен жылды есепке ала отырып, атаулы әлеуметтік көмек алушы тұлғаларға 800-ге жуық отбасы орнатылды, — деп қорытындылады Б.Қойшыбаев.

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X