Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізімінің веб-порталында кәсіпорындарды кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы электронды тендер өткізетіні туралы хабарлама жарияланды.
Кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамының 100 пайыз мемлекеттік пакет акциясы қойылады. Объектінің бастапқы бағасы 2 120 365 000 теңгені, кепілдік жарнасы 318 054 750 теңгені құрайды.
Сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Темір Жол-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде қойылады. Объектінің бастапқы бағасы 327 517 000 теңгені, кепілдік жарнасы 49 127 550 теңгені құрайды.
Сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде қойылады. Объектінің бастапқы бағасы 3 435 292 000 теңгені, кепілдік жарнасы 515 293 800 теңгені құрайды.
Тендерді өткізу тәртібі:
Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:
1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.
Аталмыш кәсіпорындарды сатуға қою науқан таяғанда жылусыз қалып, бағаның өсуіне әкеліп соғуы əбден мүмкін. Бәріне уақыт төреші. Қалай болғанда да бұл тендердің өтуін қатаң бақылауда ұстайтын боламыз.
TURANINFO.KZ