Жамбыл облысы Қаратау қаласында он жасар бала жоғалып, сол күні табылғаны туралы ақпарат берілген болатын. Бұл хабар әлеуметтік желі мен ақпарат агенттіктеріне тез тарады.
Осы жағдай бойынша Талас аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары түсініктеме берді:
Бала 1 тамыз күні жедел жәрдеммен келіп түсті, жедел түрде рентгенге түсіріп, хирургия бөліміне жатқыздық. Жағдайы дұрысталған соң, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Себебі, баланың оң қолының шынтақ сүйегі, жамбасы сынған. Одан әрі ем алуы қажет. Бізге келіп түскенде қасында ата-анасы болған жоқ. Бала кәмелет жасына толмаған, небәрі 10-да. Өзінің айтуы бойынша таңертең абайсызда 2-ші қабаттан құлап кеткен, жарақаттары жаңа.
Ал аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Самал Жұманбаева болған жәйттар туралы былай деді:
102 пульт пунктіне сағат 10:27-де Рихтер Натальядан 2010 жылы туған баланың жоғалғаны туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі, волонтерлар бірлесіп іздеу жұмыстарын бастап кеттік. Бала шамамен 18.00-де орталық ауруханаға жеткізілді. Жанұяда қорғаншылықта үш бала бар. Ата анасы полицейлердің ешқандай есебінде тұрған жоқ.
Аудандық қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің төрайымы Күлшат Қожатаева орын алған жәйттары туралы пікірімен бөлісті:
Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында білім бөліміне қарасты қорғаншылық және қамқоршылық жағдайда 64 бала тәрбиеленуде, оның 9-ы патронаттық тәрбиеде, 57-сі қорғаншылық және қамқоршылық жағдайда. Қорғаншы қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысатын үлгілі жанұя.
Құзырлы органдардың пікірлерін тыңдап болған кейін, оқиға орын алған жерді өз көзімізбен көруге бардық. Бала тұрып жатқан пәтер екінші қабатта орналасқан, оның бірінші қабатында Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Күлшат Қожатаева тұрады екен. Қорғаншылар жанұясында екі бірдей пәтері бар екен. Біреуінде өздері тұрады, екіншісі бос. Бұны көршілері растады.
Қорғаншылардың бірінші қабаттағы көршісі Гулмира Абитаева: «Білім бөлімінің басшысы көшіп келгеніне 7-айдай болып қалды. Сол кісі көшіп келгеннен кейін отбасындағы ұрыстар азайды, қыздары әдемі киінеді, сенбі және жексенбі күндері базардан азық түлік тасып жатады, ал бала көп шықпайды, әрдайым қамауда. Өткенде үйіне барғанымда бала қамауда отырған. Бала құлаған түні айқай-шу естіген жоқпын, бірақ балам ұрыс болғанын естіпті»,- деді.
Бүгін, осы оқиғаға байланысты Талас ауданы әкімінің жанындағы кәмелет жасқа толмағандар және балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онда қорғаншыларға қатысты тергеу ісі аяқталғанша балаларды (бір ұл мен екі қызды) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына» апару туралы қаулысы шықты. Қазіргі уақытта КВИ бойынша ПЦР тесттерінің жауаптары күтілуде.
TURANINFO.KZ