Мұндай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Т.Рысқұлов ауданының әкімі Қрықбаев Асқар Санатұлы бөлісті.
Спикердің айтуынша, бүгінгі күні Т.Рысқұлов ауданының жалпы жер көлемі -908 691 га, 15 ауылдық округте 65 мыңнан астам халқы бар ауданда 20-дан астам өзге ұлт өкілдері өмір сүруде. Оның 93,4 %-ы қазақ ұлты болса, 6,6 %-ы өзге ұлт өкілдері.
Ынтымақ пен бірлікті ту еткен Тұрар Рысқұлов ауданында табысты еңбектің нәтижесінде 2017 жылы айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Өткен жылы жалпы шығарылған өнім көлемі- 45 млрд. 836,6 млн. теңгені құраса, 2018 жылы жоспар бойынша 47 млрд. 306,8 млн. теңге болады деп күтілуде. Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласының үлесі есептік кезеңде 15,7% болса, ағымдағы жылы 25,7%-ға, ауылшаруашылығы өнімі-56,7% болса, биылғы жылғы — 58,9%, тауарларды, қызметтерді өткізу көлемі — 6,4% болса, 10,1%-ға арттыру жоспарлануда.
2018 жылғы меже бойынша аудан бюджетінің кірістері — 12 млрд 184 млн. 990 мың теңгені құрайды.
2018 жылғы аудан бюджетінің шығыстары бойынша қаржылардың жылдық жоспары — 12 млрд 528 млн. 718 мың теңге. 2018 жылға 4- деңгейдегі ауылдық округтер бюджетінің кірістері- 1 млрд 405 млн. 942 мың теңгені құрайды.
Аудан бойынша 1401 шаруа қожалықтары тіркеліп, оның 1221-і жұмыс атқаруда. Жұмысы тоқтап тұрған 180-ге жуық шаруашылықты ірілендіру арқылы жандандыру немесе жабу бойынша тиісті жұмыстар нәтижелі жүруде. Ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жоспарланған көрсеткішке жету мақсатында жалпы құны 26 698,3 млн. тг өнімі өндіріліп, физикалық индекс көлемі- 102,7%, оның ішінде егін шаруашылығы 13 814,1 млн.тг, физикалық индекс көлемі- 103,0%, мал шаруашылығы өнімі 12 884,2 млн. тг, физикалық индекс көлемі- 102,6% құрайды деп жоспарлануда. Өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 701,9 млн. тг артады.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында егіс алқаптарының көлемін арттыру, өнім түсімін жоғарылату арқылы жалпы өнім көлемін ұлғайту, асыл тұқымды мал басының өсімі арқылы мал шаруашылығы өнімділігін арттыру индикаторларына қол жеткізілмекші.
Ауданда 143 623 га егістік алқаптың 3455 га ғана, яғни 2,4 % суармалы алқап ретінде тіркелген.Оның ішінде масақты дақылдар-849,68 га(794,36 га) , майлы дақылдар 16 915 га (2017ж- 16015), қант қызылшасы 500 га (2017ж-402га),көкөніс–бақша өнімдері-1000га (2017ж-1000га), көп жылдық шөп 9720 га (6720га ескі жоңышқа), қосымша 30 520 га жерге пар жыртылды. 2017 жылдың маусым айынан бастап, аудандағы 18 каналдың 16-сы «ҚАЗСУШАР» Жамбыл филиалына өткізілді. 2018 жылға аудандағы барлық каналдар мен бұрынғы скважиналарға Мемлекеттік бағдарлама арқылы 2 млрд. 106 млн. теңге қаржы бөлініп, жөнделуі қарастырылуда.
Егін шаруашылығы бойынша дақыл егуді 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда, 2680 га жерге ұлғайту міндеті алға қойылды. (масақты дақылдар +1360 га, майлы дақылдар +900 га, қант қызылшасы +100 га, мал азығы +320 га ). Олардың ішінде 500 га қант қызылшасынан, 100 гектар алқаптан 2-3 есе артық өнім алынады деп күтілуде. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасалып, 2017 жылдың қараша айында 2018 жылдың өніміне 100 гектар қант қызылшасын тамшылатып суғару әдісімен отырғызатын «Нұрдәулет» шаруа қожалығының және «Жасмин» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің егістік алқаптарынан топырақ құрамын алып, зерттеу жүргізуде.
2018 жылы 40 гектар алқапқа үдемелі алма бағын отырғызу жоспары бар. 2017 жылдан бастап Құлан ауылында «Astana Food Storage» ЖШС-і 1 000 га жылына 40,0 мың тонна өнім беретін үдемелі жеміс-жидек бағын отырғызу жұмыстарын бастады. 2017 жылдың күзінде 200 га шие ағашын отырғызған. 2017 жылы Тереңөзек ауылынан 188 гектарға «KazAlma» ЖШС-і үдемелі алма бағын отырғызу үшін 2018 жылы жұмыс толық басталды.
Мал шаруашылығының барлық санаттарында ет өндірісін жоспарға сәйкес — 3,5%-ға, сүт өнімін — 2,5%-ға, жұмыртқа — 2,5%-ға, мүйізді ірі қара мал санын — 104%-ға, жылқыны — 105%, қой — 104%-ға пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Аудан көлемінде 23 мал бордақылау алаңдарымен 4 кооператив тұрақты жұмыс істейді. Осы мал бордақылау алаңдарында — 4650 бас мүйізді ірі қара, 780 бас жылқы, 4150 бас қой, 9770 бас шошқа малы бордақыланады. Аудан көлемінде 15 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Оның 5-і ет бағытында,2-і сүт бағытында құрылып, 6-ы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 516,0 млн. тг несиелік қаржыға 2030 бас бұқашықтар бордақыланып, 324 тн ет өндірілді.Ет өндірісін ұлғайту бойынша міндетке жету үшін «ҚұланАгроГрупп» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жаңадан орнатылған модульдік мал сою пункті іске қосылып, «Береке» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің мал сою алаңы қосымша жарақтандырылып, ет өндірісін дамыту жұмыстары арттырылуда,- деп сөзін түйіндеді Асқар Санатұлы.