• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Аналитикалық жаңалықтар

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

24.05.2019
3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Осыған дейін сайтымызда 6-шы және 9-шы айдың қорытындысы бойынша әкімдердің рейтингісі жарық көрген болатын. Ендігі кезекте бір жылдық бекітілген нысаналы индикатордың орындалмауы және қоғамдық-саяси жаңалықтардан жасалынған болатын. Рейтингті төменнен жоғары қарай баяндаймыз. Ал, кеттік:

11 орын. Тұрар Рысқұлов ауданының экс – әкімі Асқар Қырықбаев. Ауданда шошқа саны 51,6%-ға азайды. Қан айналым жүйесінің аурушаңдығы (100 адамға шаққанда) 2490,1-ден 2724,0-ге дейін, туберкулезбен аурушаңдық – 40,0-ден 46,6-ға дейін, жаңадан пайда болған қатерлі ісік алғаш сырқаттанушылық – 31,1-ден 34,1-ге дейін өсті. Жол-көлік оқиғалары 8,4%-ға өсті (2017 ж.-83 жағдай, 2018 ж.-90 жағдай), оның ішінде жарақаттанғандар – 2,2%-ға өскен (017 ж.- 136 жағдай, 2018 ж.- 139 жағдай). Соңғы орынға орын тебуі аудан әкімдік қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның таратқан ақпараты болып отыр. Ел ішінде Қырықбаев «парамен ұсталыпты» деген қауесет сөз тарады. Сайтымызда «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің қызметкерлерінен үстінен қылмыстық іс жүргізілуде» атты мақала жарық көрген болатын. Бұл мәселенің шындығы сотта айтылады деп сенеміз.

10 орын — Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,8%-ға төмендеген. Түйе саны 28,4%-ға азайған. Көтерме сауда айналымының көлемі 2405,7 млн. теңгені құрап, 9,9%-ға төмендеді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,7%-ға төмендеген. Қант диабеті аурушаңдығы (100 мың адамға шаққанда) – 175,4-тен 192,5-ке дейін өсті. Нәресте өлімі – 6,5-тен 7,8-ге дейін артты. Ауданда «Сыпатай батыр» ЖШС басшысы Қ.Шайхиевпен бір топ жер иеленушілердін дауы әлі шешімін таппады. Әкімнің алдындағы басшысы осы дау үшін кетті деседі.

9 орын — Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле. Ауданда ешкі саны 13,1%-ға азайған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,9%-ға төмендеген. Пайдалануға берілген тұрғын-үй көлемі 41,4%-ға төмендеген. Қант диабеті аурушаңдығы (100 мың адамға шаққанда) 195,4-тен 202,6-,ға дейін, психикалық бұзылу аурушаңдығы 25,3-тен 36,3-ке дейін өсті. Нәресте өлімі – 4,9-дан 5,8-ге дейін артты. Аудан әкімінің орынбасары Болат Саниязов сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша куәгер болып өзінің теріс әрекеттерін әшкере қылмау үшін осындай әрекетке барды дейді мыс.

8 орын. Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев. Облыс әкімінің экс – орынбасары Қант диабеті аурушаңдығы (100 мың адамға шаққанда) – 88,4-тен 109,9-ға дейін, алғаш сырқаттанушылық жаңадан пайда болған қатерлі ісік ауруларымен 106,7-ден 128,3-ке дейін өсті. Нәрсете өлімі – 1,9-дан 9,9-ға дейін артты. Жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 50%-ға өсті ( 2017 ж.- 6 жағдай, 2018 ж.- 9 жағдай). Ауданға келе салып кадрлық ауыс – түйістерден бастаған ескі де жаңа әкім «обоймадан» шығып кеткен Амангелді Нәметқұловты аппарат басшысы қылып, өзіне ұнай қоймаған Ақсана Қалыбаеваны орынынан босатып, кеңсе бөлімінен Жанар Несипбаеваны әкеліп қойды. Ішкі саясатта бірде-бір күн істеп көрмеген, кіріс пен шығыстан көз ашпайтын бөлімнен әкеліп қоя салғаны қызық.

7 орын — Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаев. Ауданда қан айналым жүйесінің аурушаңдығы (100 адамға шаққанда) 2190,8-ден 4552,2-ге дейін, психикалық бұзылу аурушаңдығы 34,2-ден 38,6-ға дейін артты. Жол-көлік оқиғалары 58,8%-ға артты (2017 ж.-17 жағдай, 2018 ж.-27 жағдай), оның ішінде жарақаттанғандар — 50,0%-ға өскен (2017 ж.- 40 жағдай, 2018ж.-60 жағдай). Ауданда екі дау болды. Біріншісі еңбек кодексін бұздың деп өзінің бұрынғы орынбасары Динара Асанованы орнынан алып тастағандығы сотта қаралған болатын. Екінші мәселе, аудандық Қоғамдық кеңестің жұмысының жүйесіздігі, үлкен үйге осы мәселеге қатысты бір рет емес, бірнеше рет арыз шағым түскен болатын.
6 орын. Талас ауданының әкімі Досмаханбет Әлиев. Ауданда жұмыртқа өндірісі 22%-ға төмендеді. Ешкі саны 11,7%-ға азайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 32,4%-ға төмендеді. Қан айналым жүйесінің аурушаңдығы (100 мың адамға шаққанда) 2584,4-тен 2604,8-ге дейін, жаңадан пайда болған қатерлі ісік алғаш сырқаттанушылық – 111,8-ден 131,1-ге ейін, наркологиялық ауруға шалдыққандар – 71,5-тен 83,7-ге дейін, психикалық бұзылу аурушаңдығы – 25,7-ден 27,3-ке дейін артты. Аудандық білім бөлімнің ұстаздардың алдында 90 миллион теңге көлемінде кредиттік қарыз пайда болған. Бұл туралы Күлшат Қожатаева біздің сұрауға төмендегідей жауап берді: «Түрлі салықтар және 19 миллион айлық жалақы, 39 миллион іс-сапар шығындарын құрап отыр» деп мәлім етті.

5 орын. Шу ауданының әкімі Қайрат Досаев орналасты. Ауданда көтерме сауда айналымының көлемі 6198,6 млн. теңгені құрап, 47,9-%-ға төмендеді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10,6%-ға, жол-көлік оқиғалары 12,3%-ға өсті (2017 ж.-114 жағдай, 2018 ж.-128 жағдай), оның ішінде жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 6,7-%-ға өсті (2017 ж.-15 жағдай, 2018 ж.-16 жағдай), жарақаттанғандар – 5,9 %-ға өскен (2017 ж.- 188 жағдай, 2018 ж.- 199 жағдай). Наркологиялық ауруға шалдыққандар (100 мың адамға шаққанда) – 41,9-дан 51,5-ке дейін артты. Шу қаласының тазалығы бойынша әлі де сұрақтар өте көп.

4 орын. Жуалы ауданының әкімі Бақтияр Көпбосынов. Қан айналым жүйесінің аурушаңдығы (100 адамға шаққанда) 2840,4-тен 3556,2-ге дейін артты. Жол-көлік оқиғалары 32,7%-ға артты (2017 ж. – 52 жағдай, 2018 ж.- 69 жағдай), оның ішінде жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар – 1,8 есеге ( 2017 ж. – 5 жағдай, 2018 ж. – 14 жағдай), жарақаттанғандар 42,4%-ға (2017 ж. – 99 жағдай, 2018 ж. – 141 жағдай) артты. Ал, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінде 77 млн теңге қарыз бары анықталды. Бұл қарыз туралы Мәжит Айжанов «Кезінде мұғалімдер көп оқуға кетті. Қазір қарызымызды өтеп қойдық» деді.

3 орын. Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев. Жұмыртқа өсіріп өндіретін зауыты бола тұра, өндірісі 64,6%-ға төмендеген. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,3%-ға төмендеген. 100,0 мың адамға шаққандағы алғаш сырқаттанушылық жағдайдан пайда болған қатерлі ісік ауруларымен 118,0-ден 123,3-ке дейін, наркологиялық ауруға шалдыққандар 132,6-дан 148,1-ға дейін , психикалық бұзылу аурушаңдығы 13,7-ден 22,9-ға дейін өскен. Жол-көлік оқиғалары 11,9%-ға артты (2017 ж. – 109 жағдай, 2018 ж. — 122 жағдай), оның ішінде жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 41,2%-ға ( 2017 ж. – 17 жағдай, 2018 ж. – 24 жағдай өскен).

2 орын. Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов. Нәресте өлімі – 5,5-тен 6,7-ге дейін артқан. Наркологиялық ауруға шалдыққандар саны (100 мың адамға шаққанда) 147,9-дан 152,9-ға дейін артты.

1 орын. Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов жайғасты. Қалада қой саны 30,7-%-ға , ешкі 3,6-%-ға, шошқа 16,9-%-ға азайды. Қаланың түрленгені барша тұрғын куә болды. Жаңадан пайдалануға берілген жағалау, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы, Қайрат Рысқұлбеков саябағы секілді көптеген нысандар бой көтерді.

Жылдың қорытындысы осындай болды. Алда жаңа рейтинг бағалауын жүргізіп, 6,9 айлық және жылдық қорытындыларды тұрақты жариялайтын боламыз.

 

TURANINFO.KZ

Тегтер: АКИМАТАКИМОВЖамбыл облысырейтинг
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз қаласында «MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

Тараз қаласында «MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

28.05.2025
Бақтияр Артаевтың келіні Мақпал Жүнісова «Күміс алқа» иеленді

Бақтияр Артаевтың келіні Мақпал Жүнісова «Күміс алқа» иеленді

28.05.2025
Бекет Момынқұл 70 жаста

Бекет Момынқұл 70 жаста

28.05.2025
Құрбан айтқа орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

6 маусым — Қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні!

28.05.2025
Жамбылда туризм саласында 25 инвестициялық жоба жүзе асырылуда

Жамбылда туризм саласында 25 инвестициялық жоба жүзе асырылуда

28.05.2025
Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылады

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылады

28.05.2025
Жаппай тәртiпсiздiкке шақырған азамат сотталды

Жаппай тәртiпсiздiкке шақырған азамат сотталды

28.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты