Жамбыл облысының Шу ауданында прокуратураның ұсынысы бойынша арнайы әзірленген «Шу – қауіпсіз аудан» бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол аудандық мәслихатпен бекітіліп, нысаналы индикаторлар айқындалған.
Ағымдағы жылдың 9 айында жалпы қылмыстың 13,3%-ға (оның ішінде ауыр қылмыс 31,1%-ға, онша ауыр емес қылмыс 33,3%-ға) төмендеуі байқалды, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың 96%-ы жұмысқа орналастырылды, «Сергек» камераларын орнату және 147 көше бақылау камерасымен оны біріктіру жұмыстары жүргізілуде.
Шу ауданының орналасу ерекшелігіне қарай, жабайы қарасораны жою өткен жылмен салыстырғанда бес есеге өсті (86 дан 480 тоннаға), бұл есірткінің заңсыз айналымға түсуінің алдын алды.
Бағдарлама құқық бұзушылықтың алдын-алуға тартылған уәкілетті органдардың жұмыстарын үйлестіруде тиімді құрал болып табылады.
Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі