Жуалы ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау барысында медициналық мекемелердің балаларға профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырмағанын анықтады.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы Жуалы ауданының 7 білім беру ұйымында 930 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығын бұзу болып табылады.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде балалар тексеруден өте бастады, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.
Жамбыл облысы прокуратурасы