Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Б.Момышұлы–Қошқарата» облыстық маңызы бар автожолында жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмады. Көлік салонында 6 адам, оның ішінде 3 бала болды.
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың жедел жұмысының арқасында трактордың көмегімен жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды.
Жүргізіші мен жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді!
ТЖМ баспасөз қызметі