Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде өткен кездесуде майталман мамандар өздері қызмет ететін мекеме жөнінде кеңінен айтып, болашақ ізбасарларымен пікір алмасты.
Кездесуде сөз алған «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимов өз сөзінде жақсы маман қай кезеңде де бағаланатынын алға тартып, мектеп оқушыларын техникалық мамандықтарда білім алуға шақырды.
Атап өту керек, талдауға сәйкес, қазіргі таңда жол саласында 1,5 мыңға жуық сертификатталған маман жетіспейді. Осы себепті, биыл білікті жолшыларды даярлауға мемлекеттік 1000 білім гранты бөлінді.