Ағымдағы жылдың 18 тамызында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қызылорда, Түркістан және Павлодар облыстарының үш судьясына қатысты ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бұдан басқа, Шымкент қаласы мен Қызылорда облысының аудандық соттарының екі судьясына қатысты судья лауазымынан босату туралы шешім қабылданды.
Судьяларды жауапкершілікке тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзу және судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.
Судьяның қызметінен босатылуына байланысты бір тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты