Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың маусым айының 27 – ші жұлдызында «Жоғары білімді медицина мамандарын тарту (Невропотолог, логопед, дефектолог) мамандарын шақырту арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кеңес беру» тақырыбы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жоғары білімді невропатолог дәрігері Нугманова А. М сонымен қатар білікті дәрігер травматолог – ортопед Аман Дәулет Ғабитұлы, сондай-ақ Жамбыл облысы оңалту орталығы маманы дефектолог-логопед Әлімхан Алуа Маратқызы шақыртылды. 27.06.2025 жылы сағат 1000-1300 ге дейін Сарысу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығындағы 30 мүгедектігі бар балаларға дәрігерлік сараптама жүргізіліп ата-аналарына кеңес берілсе, сағат 1500-1700 –ге дейін аудандық орталық аурухана базасында Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі 27 балаға қызмет көрсетілді.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.