ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 наурызда Астана уақытымен сағат 01.26-да жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан», — деп жазылған хабарламада.
Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілген.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.