Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жобасын жүзеге асыруда.
Жоба мақсаты — азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды, жергілікті билік пен жергілікті қауымдастықтарды жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға тарту және ынталандыру. Жоба Қазақстанның 8 облысында (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары) жүзеге асырылуда.
Аталған жоба аясында 8 мақсатты облыстардың жергілікті қоғамдастық мүшелері мен басқа да белсенді азаматтары шешім қабылдау процессіне қалай қатысуға болады, сонымен қатар, жергілікті бюджетті жоспарлау және басқару, әлеуметтік жобалау, қоғамдық бақылау жүргізу және жоба жазу бойынша білімдерін шыңдап, шағын грант бағыттары мен ережелері талқыланды. Қазіргі таңда, шағын гранттар байқауы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға кірісті.
2021 жылдың 05 тамызында Zoom платформасы арқылы ҚАҚ «АБҚО» өкілі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі, ауыл әкімдері, журналистер, жоба сарапшылары және мақсатты облыстардың жергілікті координаторларының қатысуымен дөңгелек үстел аясында эксперттік кездесу өттті. Аталған іс-шара барысында аймақтардағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері талқыланды, соның ішінде, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 ж. дейінгі жаңа тұжырымдамасы, жобаның аралық нәтижелері және мақсатты облыстардың 4 ауылының инклюзивті даму жоспарларын жасақтау сұрақтары талқыланып, қатысушы тұлғалар өз ойларын ортаға салды.