15 қаңтар Мәжілісте жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы талқыланып, депутат Азат Перуашев жемқорларды елден шығармау туралы ұсынысын білдірген еді. Бүгін журналистер вице-министрдің аталған ұсынысқа деген көзқарасын сұрады. Өз кезегінде, Жақселекова аталған түзету жұмыс тобының қарауына ресми түрде енгізілмегенін айтты.
«Кеше бұл жайында айтылған еді, яғни бізде оны талқылауға уақыт бар. Заң жобасын екінші оқылымға даярлау кезінде бірнеше рет жұмыс тобының отырысы өтеді. Егер депутаттар осы бастаманы көтерсе, біз оны қарастырамыз», — деді вице-министр.
Айта кетейік, 15 желтоқсан Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Онда сыбайлас жемқорлардың аты-жөні жария тізілімге енетіні туралы жаңа бап бар.