Жеке қаулыны сот оған жеткілікті негіз болған кезде кеңесу бөлмесінде қабылдайды. Сот жеке қаулыны алдын ала тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарының және заңның басқа да талаптарының бұзылуы байқалған кезде шығаруы мүмкін. Кейбір ұйымдар мен еңбек ұжымдарындағы жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына, қызметтік, азаматтық борышын бұзып жүргендігіне де сот жеке қаулы арқылы назар аудара алады.
Соттардың жекеше қаулылар шығару жөніндегі қызметі бірінші кезекте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардағы әкімшілік практиканың жай-күйін әкімшілік заңнаманың талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердегі кемшіліктер, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама және істі қарауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін басқа да мән-жайлар анықталған кезде, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған лауазымды адамның кемшіліктерін жоюға тура келеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот қабылдаған жекеше қаулылардың басым көпшілігі осы істер бойынша іс жүргізу рәсіміне үлкен наразылықтар себебінен шығарылады.
Жекеше қаулыларды шығарудың тағы бір себебі істі сотқа қарау үшін беру мерзімдерін бұзу және соның салдарынан әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескеру мерзімінің өтуіне байланысты іс жүргізудің тоқтату туралы шешім қабылдауға әкеледі. Көбінесе іс материалдарында істі осы үшін көзделген мерзімде сотқа қарау үшін жіберудің мүмкін еместігін куәландыратын нақты деректер болмаған, соның нәтижесінде адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кеткен, бұл осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға және соның салдарынан құқық бұзушылық жасаған адамдардың жауаптылықтан кетуіне негіз болған, сондай-ақ уәкілетті органның атына жекеше қаулы шығару үшін негіз болады.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Д.Дуанбеков