Себебі, дәл осындай тренингтер барысында жазасын өтеушілер өздерінің жан сырымен бөлісіп, қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайта түседі.
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде сотталған азаматтар үшін мекеме психологы Айгерим Саурбаеваның ұйымдастыруымен «Өз-өзіңді жақсы көру деген не?» және «Кешірім сұрай білесіз бе?» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Дәріс кезінде жазасын өтеушілер өзара пікір алмасып, белсенділік танытты. Ал, тренинг соңында олар алған әсерлерімен бөлісті.