Онда Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері спикер ретінде қатысты.
Іс-шара барысында ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жалғас Абдуалиев және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Дархан Қалдарбек сөз сөйледі. Олар Жамбыл облысы ТЖД жүргізілген алдын алу жұмыстары, жазғы демалыс кезінде балалардың өлімінің алдын алу шаралары туралы тоқталды.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу қызметі құзыретіне кіретін жергілікті атқарушы органдармен және тиісті ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесіп жүргізіледі.
Биылғы жылдың ағымдағы кезеңіне және өткен жылдың ұқсас кезеңіне салыстырмалы статистика келтірілді. Балалардың қаза болу фактілерінің басты себебі – ата-аналардың қадағаламаулары, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.
Осыған байланысты спикерлер халыққа өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, оның ішінде балаларды қараусыз қалдыру жағдайларына тыйым салу туралы өтінішпен жүгінді.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі