Қордай ауданы «Әлжан ана» мешітінің имамы Саламат Аманбаев ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерімен жүздесіп, діни профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Дін ұғымы – адамзатты бақытқа бастаушы, жақсылыққа жетелеуші, санаға салмақты ой салып, кемелдікке жеткізуші институт. Жалпы адами құндылықтарды басшылыққа алатын асыл дініміз Ислам да жазықсыз адамның өміріне, ар-намысына, жеке мүлкіне қол сұғуға, басқыншылық жасауға қатаң тыйым салады» — дейді маман.
Мәдениет үйінің қызметкерлері сауалдарын қойып дәйекті жауаптарын алды.
Дереккөз-Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі