2019 жылдың мамыр айының 2 ші жұлдызында, №9 Меркі колледжінде «Жастар жылын» насихаттау мақсатында Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттер арасында ұлттық ойындар, спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Жарысқа 7 оқу орнының білімгерлері қатысты. Ұйымдастырылған жарыс түрлері тартысты да қызықты және өте жоғары деңгейде өтті. Жарысқа келген әрбір қатысушылар білек сыбана белсенді қатысты. Айта кетсек, жалпы есепте Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі I- орынды иеленді. Қол күресінен Акжигитов Бакыт, Караман Аружан I-орынмен, Қой көтеруден Нұрлыбаев Ертай I-орынмен марапатталды. II-орынды Құлан ауылшаруашылық колледжі, және Білім коледжі III-орынмен марапатталды.
Сағи Даулетбаев