Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ отырысы басталды. Отырысқа Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, кеңес мүшелері шақырылған қонақтар және жастар қатысуда. Күн тәртібінде «Жастар арасында мәдени-бос уақыт қызметтерін ұйымдастыру мәселелері туралы» қаралуда.
— «Жастар «лифтлі» көтерілу қағидасы «ағалардың» арқасында деп біледі. Сондықтан да шығармашыл, талантты жастарды қолдау қажет» — деп баяндады Дархан Аманұлы.
TURANINFO.KZ