Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы №127 қаулысына сәйкес құрылған. Кеңес мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу мақсатында өз қызметін жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, Тараз қаласы мен аудан әкімдері жанынан да Жастар істері жөніндегі кеңестер құрылған (облыс бойынша 1 облыстық, 1 қалалық, 10 аудандық жастар істері жөніндегі кеңес отырыстары). Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес құрамында 35 адам, оның 18-ы (50%) жастар ұйымдарының өкілдері, әр саладағы белсенді жастар. Кеңес отырысы жарты жылда бір рет өткізіледі.
- 2020 жылғы Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 2 рет Кеңес отырысы өткізілді. Кеңестің 1-ші отырысы 12.08.2020 ж. облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен өтіп, 3 мәселе талқыланған. Кеңестің 2-ші отырысы 24.12.2020 ж. облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен өтіп, 3 мәселе талқыланған:
- 2020 жылғы 12 тамызда берілген 18 хаттамалық тапсырма толығымен орындалды және 2020 жылғы 24 желтоқсанда берілген 18 хаттамалық тапсырманың 5-і орындалып, 13-і орындалу үстінде.
- 2021 жылға арналған Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің жоспары бекітілді, жоспарға сәйкес жылына 2 рет кеңес отырысы өткізіледі.
- 2021 жылдың 2 шілдесінде облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалығымен Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы өтті.
Отырысқа кеңес мүшелері, мүдделі басқарма мен мекеме басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, Жастар ресурстық орталықтарының директорлары, бірқатар жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Кеңес отырысында «Өңірде мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы» облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, «Байзақ ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» Байзақ ауданының әкімі, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарған жұмыстары туралы» «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымының есептері тыңдалды.
Кеңес отырысы барысында облыс әкімі өңірімізде жастар үшін жасалынып жатқан шараларға кеңінен тоқталып, алдағы уақытта қолға алынуы тиіс жұмыстар бойынша тиісті мекемелер мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп, облысымызда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстау керектігін ескертті.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды