Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қабырғасында «Адал еңбек» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Облыстық пікірсайыс турниріне 20 дан астам команда, 60 тан аса пікірсайысшы қатысты. Турнир АПФ және ЛД форматында өтіп, үш іріктеу ойындарынан соң 16 команда плэй офф ойындарына жолдама алды. Жамбыл облысынан бөлек Шымкент пен Алматы қалаларынан келген пікірсайысшылар да турнирге қатысып, өзара білім мен пікір алмасу алаңында бақ сынады. Турнирдің нәтижесі бойынша АПФ форматында жүлделі 1-орынмен: Саматқызы Гүлназ, Медетқызы Диана марапатталды, жүлделі 2-орынмен: Аққос Айғаным, Жұмахан Нұрайым марапатталды, жүлделі 3-орынмен: Нұрпапа Салтанат, Базарбай Еркеайым марапатталды.
Жоба аясында бұдан бөлек студент жастар арасында тағы 3 облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастыру жоспарлануда.