«Жастар арасында діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары» атты кездесу
Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың шілде айында Жамбыл ауданына қарасты Айшабибі, Қаратөбе, Гродиково, Қызылқайнар, Ақбұлым, Жамбыл, Қаракемер, Ақбұлым, Пионер, Көлкайнар ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Жастар арасында діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары» атты кездесу өткізілді. Кездесуге дінтанушы, теолог Аманбаев Ержан Маханұлы арнайы шақырылып, дін саласында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат» атты бүктемелер, Дін істері комитетінің оң мақұлдамасын алған «Вера и религиозная практика» атты кітабы кездесуге қатысушыларға үйлестіріліп берілді. Кездесуге мектеп мұғалімдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл имамдары және ауыл тұрғындары барлығы 300-ден аса адам қатысты. Кездесу барысында Ержан Маханұлы дәстірлі емес діни ағымда жүрген адамдардың сыртқы белгілеріне тоқталып өтіп, жастарымызды осы теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін қажетті ақпаратпен бөлісті. Е.Аманбаев сөз сөңында Ислам діні ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің екенін атап өтті. Бүгінгі таңда жастарымыздың теріс ағымның жетегінде кетпес үшін барша қоғам болып көп жұмыс жасау керектігін атап өтті. Сонымен қатар теріс ағымдардың жетегінде жүрген жастардың көбіне жұмыс жасайтын орындарына тоқтала өтіп, жақындарымызды, туыстарымызды олардан аластата ұстау керектігін атап өтті. Іс-шара соңында бірлестік тарапынан кездесу қатысушыларына салаунама парақшалары таратылып, дін саласына байланысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлері алынды. Алдағы уақытта аталмыш ұсыныс-пікірлер сараланып, мемлекеттік орган басшыларына жолданатын болады.
Асхат Олжабаев
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы