2025 жылдың 25-26 сәуір күндері Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне» арналған қол күресінен жастар, жасөспірім-ұлдар мен қыздар арасындағы Байзақ ауданындағы №11 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді. Байрақты бәсекеде жас спортшылар шеберліктерін шыңдап, облыстық жарыстарға дайын екендігін көрсетті.
Жарысты ұйымдастырған жаттықтырушы: Толеуишов Азамат.