Грек-рим күресінен 63 келі салмақта белдескен Ержет Жарылқасын финалда жапониялық Аята Сузукиді жеңді.
Жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ұтты.
Ержет Жарылқасын 63 келі салмақта ересектер арасындағы ел чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.
Бішкектегі турнир барысында ол Оңтүстік Корея балуанын 6:4 есебімен ұтса, кейін Сауд Арабия өкілінен басым болды.