Жамбылдық спортшы Айжан Берімқұлова Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында қола медаль иеленді. Пара пауэрлифтингтен әйелдер арасындағы жарыста сынға түскен отандасымыз 101 келі нәтижемен үздік үштікке еніп, Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде салды.
Айта кетейік, V Жазғы Пара Азия ойындары Нагоя қаласында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар ел намысын қорғауда.
Материал Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды







