Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті жаяу патрульдеу режиміне көшті. Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда облыстың Полиция департаменті жаяу патрульдеу тәртібіне қылмыстың алдын алу мен ескертудің, сондай-ақ көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылық фактілеріне жедел әрекет етудің ең пәрменді әдістерінің бірі ретінде назар аударатын болады.
Жаяу патрульдеу құқықтық тәртіп сақшыларына оқиғаның белгілерін және жай- күйін дер кезінде бағдарлауға, адамдармен тікелей байланыста болуға және қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Тараз қаласының патрульдік полиция батальоны жеке құрамының 35- 40 пайызға жуығы жаяу қызмет атқару түріне ауыстырылды. Сонымен қатар, осындай жұмыс түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің қосымша күштері де тартылған.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі