Ел Президенті Қ.Тоқаевтың республикада коронавирустық
инфекцияның таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізуіне
қатысты және ҚР ІІМ министрі Е. Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша
адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылданып, уақытша
шектеулер қойылды.
Ірі сауда нысандарына олардың жұмыс істеу уақыты бойынша 10.00-
ден 18.00 — ге дейін, киім-кешек базарлары үшін-11.00-ден 17.00-ге дейін
шектеу енгізілді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50
адамнан аспауы тиіс және клиенттерді қабылдау 22.00-ге дейін жалғасады.
Аталған шектеулерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша
(төтенше жағдай режимін бұзу) 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау
түрінде жаза көзделген. Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбағаны
үшін тәртіп бұзушыларға ҚР ҚК 379-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде
айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Күшейтілген режимде жүргізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты
қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды
қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі ел өміріндегі күрделі кезеңде Жамбыл облысы Полиция
департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне
ауыстырылды.
— Кешкі-түнгі рейд барысында біздің қызметкерлер облыстың 413
мекемесіне барды , — деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция
департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек
Оразымбетов. — Олардың 176-ы енгізілген төтенше жағдай режиміне
қарамастан өз жұмысын жалғастырған. Аталған мекемелердің әкімшілігімен
түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның барысында ҚР ӘҚБтК-нің 476-
бабының(төтенше жағдай режимін бұзу) талаптары таныстырылды.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының кафе-
барларының бірінің әкімшілігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды , онда
түнгі 22.00-ден кейін 50-ден астам адам болған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті құқық қорғау
органдарының іс- әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай
кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты
қажетті шектеулерге назар аударуды сұрайды. Төтенше жағдай режимі
кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар
жалғасуда.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі