Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп, адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ жезөкшелікке тарту және жеңгетайлық, қанап пайдалану мақсатында адамдарды ұрлау мен бас бостандығынан айырудың алдын алу мақсатына бағытталған «Стоп-трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында қоғамдық орындарда адамдарға тиісуге қатысты 22 дерегі анықталды. Оның ішінде — ҚР ҚК 309- бабының 1- тармағы бойынша екі дерек: жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұстау және интернет желісін пайдалану арқылы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту мақсатында жалдау.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қоғамдық орындарда адамдарға тиісуге қатысты жауапкершілікті көздейтін 449-бап «қоғамдық орындарда тиісу» енгізілді. «Тиісу» деп кәсіпкерлік объектісі болып табылмайтын тұлға жасаған заттарды сатып алу, сату, айырбастау немесе сатып алу мақсатында, сондай-ақ балгерлік, қайыршылық, сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсету мақсатында жасалған көрінеу беймаза қарым-қатынастар түсіндіріледі.
Жамбылдық полиция қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде .
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі