Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында Меркі ауданының орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан құмды аймақтан жабайы қарасораны жинаумен айналысқан 48 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға орнынан 3661 түпті құрайтын үш өсімдік үймесі табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, аталмыш өсімдіктің жалпы салмағы 160 келіге жуық «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігі дәлелденді.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, Меркі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлерімен бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі