Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күнін саптық жиында ұжыммен Гимн орындаумен атап өтті. Бұл туралы облыстың ПД бастығы полиция-генерал майоры Жанат Сүлейменов өзінің фейсбук парақшасында жазды.
«Бүгін, 4 маусым, елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде. Айтулы күннің құрметіне Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Гимнін орындады.
Отанға деген шынайы сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден бастау алады.
Патриоттық рух пен әскери тәртіпті нығайту мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаментінде әрбір жұмыс аптасы Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталады.
Бұл дәстүрдің қызметтік парызға деген адалдық пен жауапкершілік сезімін нығайтары сөзсіз», — деп жазды Жанат Сүлейменов.