«Жамбыл облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасылдан» «сары» аймаққа ауысты, бұл мұндағы жағдайдың нашарлағанын көрсетеді», — деп хабарлады коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бұған дейін «сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары болған.
Карантин режимі мен шектеу шаралары талаптарының сақталуын бақылау аясында Жамбыл облысының полицейлері мобильді топтармен бірлесіп үлкен іс-шараны ұйымдастырудың кезекті дерегін анықтады. Тараз қаласындағы мекемелердің біріндегі рейд кезінде 100-ден астам адамның қатысуымен той өткізілген.
Іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдар жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Тойға келген барлық қонақтармен пневмония немесе коронавирус жұқтыру қаупіне байланысты көптеген адамдардың жиналуына жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
«Аурудың қайғылы статистикасына қарамастан, адамдар өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Жыл басынан бері әртүрлі меншік нысандарындағы 1,5 мыңнан астам рейдтік тексерулермен 430 бұзушылық анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жалпы сомасы 40 953 705 теңге айыппұл салынған ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 346 иесін жауапкершілікке тартты», — деп хабарлады ведомстводан.