Полиция қызметкерлері азаматтың сеніміне кіріп, одан ірі көлемде ақша алғаны үшін Байзақ ауданының 24 жастағы тұрғынын ұстады.
Мәселен, алдын ала тергеу барысында қаскүнемнің құрбаны Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол алаяққа қолында жоқ балаларды емдеуге жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам ақша қаражатын аударған.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтың құрбаны болған басқа адамдарды анықтау үшін бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде.