Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Киберпол» арнайы бөлінісінің және Сарысу АПБ қызметкерлері интернет-алаяқтық саласында бірнеше қылмыстар жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адамнан құқыққа қайшы заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған екі ұялы телефон тәркіленді.
Интернет-алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдыра отырып, «Жаңатас- Сауда» телеграмм тобы арқылы күдікті азаматтарға пайызсыз бөліп төлеуге 8% ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде берген.
Жәбірленушілер алаяққа қашықтан төленген шоттар бойынша QR коды арқылы онлайн төлем жіберген. Осыдан кейін алаяқ реквизиттерді пайдаланып, жеке кәсіпкердің әртүрлі шоттарынан ақша алған.
Ұсталған азамат интернеттегі алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді. Жалпы келтірілген залал көлемі 4 500 000 теңгені құрайды.
Осы деректерге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, «102» нөмірі арқылы полицияға немесе ауданыңыздың полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.