Полицияға Тұрар Рысқұлов ауданының бірнеше тұрғыны 2020 жылдың аяғында сол ауданның жергілікті әйел тұрғыны олардан сеніміне кіріп, 7 бас ұсақ қара малын қарызға алғаны, алайда қазіргі уақытқа дейін 500 мың теңгеден астам қарызын төлемегені туралы шағымданды.
Сондай-ақ, осы ауданның 57 жастағы тұрғыны, жәбірленушіден алаяқ әйелдің 4 млн. теңге көлемінде атына несие алдырғаны туралы шағымы келіп түсті.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Луговой ауылының 38 жастағы тұрғынын анықтады. Ұсталған әйел өз кінәсін толық мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.