ЖАМБЫЛДЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ
3-4 маусым күні Жамбыл облысындағы барлық мектептерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте мектеп түлектеріне салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Биыл Жамбыл облысы бойынша 9 171 түлек үлкен өмірге қанат қақты.
Мектеп түлектерінің 383-і «Алтын белгі» және 366-ы «Үздік аттестат» иегері атанды.
Мерекелік шара мектеп қабырғасында, таза ауада, тек 11 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Түлектер арасында ара-қашықтық, маскалық режим және қатысушылар санын шектеу талаптары сақталды.