Осыдан 2,5 ай бұрын Жамбылдағы жарылыста жоғалып кеткен өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаев әлі де табылмады. Бірақ оқиға орнында да оның қалдықтары табылмаған.
«Бұған дейін таудан іздедік. Енді елді-мекендерді аралап жүрміз. Себебі Бауыржанды ауылдан көрдік деген бірнеше адам бар.
Мәселен, бір әйел Бауыржанды дәмханадан көрген. Жақындап сұрағысы келгенде, әйелдің жанына ағасы келген. Ер адамды көргенде, ол қашып кетті. Оның айтуынша, Бауыржан ер адамдардан қорқады» дейді Бауыржанның жұбайы Ділназ.
Жоғалып кеткен Бауыржанның жұбайының айтуынша, бұл деректерді полиция тіркеуге алған. Бірақ Бауыржан әлі де табылмаған.
Мәлімдеме жасаған келіншектің сөзі расталмады. Себебі, ауыл дәмханасында бейнебақылау камерасы жоқ. Оның қайдан кеткенін әзірге ешкім білмейді.
2,5 айда осыдан басқа хабар келмеген, бірақ жұбайы үмітін үзбейді.
«Қандай да бір ақпарат естісек, қуанып, полицияға жетіп барамыз. Бірақ ілік жоғалған соң, қайтадан ауыр күй кешемін» дейді Ділнәз.
Айта кетсек, 2021жылдың 26 тамызында Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасы жарылды. Салдарынан 16 адам қаза тапты, өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаев із-түзсіз жоғалып кетті.