Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халықта үндеу жасаған болатын. Үндеуде ресми ақпаратқа сүйеніп, жалған ақпарат таратпауды сұрады.
«Қазсушар» РМК Жамбыл облысы филиалының ақпаратына сәйкес:
«Тасөткел су қоймасы бүгінгі күнге 93,4пайызға толған, келіп жатқан су көлмі 83,9 м3/с, тасталып жатқан су көлемі 70,0м3/с.
Теріс –Ащыбұлақ су қоймасы бүгінгі күнге рұқсат етілген көлемінен 95,1пайызға толды, келіп жатқан су көлмі 16,5м3/с, тасталып жатқан су көлемі 7,0м3/с.Қордай ауданында орналасқан Қарақоңыз су қоймасы 99 пайыз, түсіп жатқан су көлемі 6,2 м3/с.Қақпатас су коймасы бүгінгі күнге 100пайызға толды, келіп жатқан су көлмі 2,8м3/с, тасталып жатқан су көлемі 0,0 м3/с, транзиттік режимде жұмыс жасауда.Ақкөл көлі бүгінгі кунге 24,6пайызға ғана толған, келіп жатқан су көлмі 7,5м3/с, тасталып жатқан су көлемі 0,0 м3/с.Қәзіргі таңда көлге су жеткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.Ынталы су коймасы бүгінгі күнге 92,8пайызға толды, келіп жатқан су көлмі 7,0 м3/с, тасталып жатқан су көлемі 0,0 м3/с.Буркітті су коймасы бүгінгі күнге 45,2пайызға толды, келіп жатқан су көлмі 0,5 м3/с, тасталып жатқан су көлемі 0,0 м3/с.Жартас су қоймасы 90 пайызға толды, келіп жатқан су көлмі 2,0м3/с, тасталып жатқан су көлемі 1,8м3/с.Қырғыз елінде орналасқан Киров су коимасы бүгінгі күнге 79,9пайызға толған, келіп жатқан су көлмі 20,8м3/с, тасталып жатқан су көлемі 0,0 м3/с.Ішкі кіші өзендер болып табылатын (Меркі, Аспара, Коксай, Аксай, Қарақыстақ т.б ) өзендері бойынша қәзіргі таңда қауіп жоқ» мәлімет таратуда.