Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтар- қыркүйектегі
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 434,0 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 105,5%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,5%-ға (43,8 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі – 5,6%-ға (322,4 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 5,9%-ға (63,5 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 14,8%-ға (4,3 млрд. теңге) өсуі байқалады.
2021 жылы инвестициялар көлемі 16,4 млрд. теңгеге, 651 жаңа жұмыс орындары құрылатын 12 жобаны іске асыру жоспарлануда («Жабатаева Л.К.» ЖК — консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу, «Аса Агро» ЖШС-гі — құс фабрикасының ет өндіру көлемін ұлғайту, «KORDAY FISH» ЖШС-гі — балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ-ы — құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу (ІІ кезең), «BestYard» ЖШС-гі — балық өнімдерін өңдеу зауыты, «AQMOL 2025» ЖШС-гі — сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт цехын кеңейту, «Мухиев Е.Қ» ЖК-ғы — темір бетон бұйымдары зауытының құрылысы, «Satellie GS» ЖШС-гі — Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауытының құрылысы, «Kazstonebox» ЖШС-гі — гофрирленген картон және тас қағаздан дайын қаптама өндіру, «Аса DAMU» ЖШС-гі — жұмыртқа және құс етін өндіру фабрикасын кеңейту, «Taraz Plastic» ЖШС-гі — полипропилен шпагатын өндіру желісі, «КЕРЕҢ» ШҚ-ғы — тауарлы сүт фермасын салу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 309,1 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 100,2%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 192,5 млрд. теңге (НКИ -97,3%), мал шаруашылығы – 116,2 млрд. теңге (НКИ-104,8%).
Ағымдағы жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша 379,5 мың га дәнді-масақты дақылдар жиналды немесе жиналған алқап – 98,8%, ондағы өнімділік 12,3 ц/га құрады, майлы дақылдар – 57,7 мың га (97,5%, 7,3 ц/га), картоп дақылдар – 11,4 мың га (100,0%, 235,5 ц/га).
Шаруашылықтың барлық санаттарында 92,6 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2020 жылдың қаңтар-қыркүйекке 106,7%, сүт – 262,3 мың тонна (101,6%), жұмыртқа – 116,7 млн. дана (109,5%).
МІҚ саны 2020 жылдың тиісті кезеңіне 10,7%-ға (496,3 мың бас), қой – 3,6%-ға (3164,7 мың бас), жылқы – 5,2%-ға (152,7 мың бас), құс саны – 12,0%-ға (1908,7 мың бас) өсті.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2021 жылы 18774,4 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен — 9179,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 9595,4 млн. теңге субсидия көзделген.
2021 жылдың 1 қазанына 13661,0 млн.теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 6430,7 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 7230,3 млн. теңге.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 92,6 млрд. теңгені (115,2%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны – 122,9 мың адамды (100,6%) құрады.
Жұмыс істейтін субъектілер саны 2021 жылғы 1 қазанға 71,5 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,5%-ды құрады. Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлемінде жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 82,2%-ды құрайды.
«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы 160,4 млрд. теңгені құрайтын 4693 жоба қолдау тапты.
Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 122,2 млрд.теңгені құрайтын 2530 жоба (2021 ж. – 22,3 млрд. теңгеге 1212 жоба).
«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 16,8 млрд. теңгені құрайтын 1777 жоба жүзеге асырылуда (2021 ж. – 7,8 млрд. теңгеге 1051 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,7 млрд.теңгеге 119 жоба іске асырылуда (2021 ж. – 231,4 млн. теңгеге 5 жоба).
«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 670,3 млн. теңге сомасына 267 жоба қаржыландыруға мақұлданды.
2021 жылғы қаңтар-тамызда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 177,4 млн. АҚШ долларын құрап немесе 2020 жылғы қаңтар-тамызға 153,9%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 41,5 млн. АҚШ доллары (107,8%), импорт – 135,9 млн. АҚШ доллары (176,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 94,4 млн. АҚШ доллары.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауда айналымының көлемі
249,3 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 3,0%-ға артты. Көтерме сауда айналымы – 210,9 млрд. теңге сомасында қалыптасып, 8,1%-ға артты.
Көлік. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 5,2%-ға төмендеп, 62,8 млн. тонна құрады, жолаушыларды тасымалдау – 17,1%-ға (304,8 млн. адам), жолаушылар айналымы – 26,7%-ға (2332,2 млн.жкм). Жүк айналымы 3,7%-ға арты (2531,8 млн.ткм).
Инвестиция көлемі 266,9 млрд.теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңіне 111,0% құрады. Өсім Қордай ауданындағы иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың, тау-кен металлургия зауытының, Қордай және Талас аудандарындағы жел электр станцияларының құрылысына және Сарысу ауданындағы 14 елді мекенді газдандыруға инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 132,6 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 106,2% құрады. Өсім Қордай ауданындағы биофармацевтикалық зауытының құрылысы, Жамбыл ауданында ирригация және дренаж жүйелерін салу, Мойынқұм ауданында Батыс Еуропа — Батыс Қытай автомобиль жолын қайта жаңарту және Қаратау қаласы үшін Көктал су құбырын салу құбырының құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 480,6 мың ш.м құрап, 2020 жылдың тиісті деңгейіне 111,0%-ды құрады.
2021 жылғы қыркүйектегі инфляция деңгейі 6,5% — ды құрады. Азық — түлік тауарларының бағасы 7,6% — ға, азық-түлік емес тауарларға – 5,4% — ға, ақылы қызметтер – 6,3% — ға көтерілді.
Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР – 6,2%).
2021 жылдың қыркүйек айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың тамыз айына қарағанда 100,6%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша — 100,4%-ды, азық-түлік емес тауарлар — 100,5%-ды, ақылы қызметтер — 100,8%-ды құрады.
Азық — түлік тауарлары бойынша 2021 жылғы қыркүйекте жарма бағалары — 2,7% — ға (оның ішінде қарақұмық — 4,0% — ға, сұлы — 3,5% — ға, жүгері — 1,1% — ға), шай — 2,0% — ға, қант, макарон өнімдері — 1,6% — дан, сүт өнімдері — 1,5% — ға (оның ішінде қаймақ — 3% — ға, ірімшік — 1,6% — ға, айран-1,4% — ға), ет-1,3% — ға (оның ішінде қой еті-3,1% — ға, құс еті-2,4% — ға, шошқа еті-2,1% — ға, жылқы еті-2,0% — ға, сиыр еті-1,3% — ға), май және тоң майлар-0,6% — ға (оның ішінде күнбағыс майы-1,3% — ға), балық және теңіз өнімдері, ұн — 0,3% — дан, нан-0,1% — ға қымбаттады.
Жеміс пен көкөністер бағасы 2,5%-ға (оның ішінде сәбіз — 11,0%-ға, қызылша-9,6%, пияз-8,7%-ға, картоп – 4,6%-ға, алма-3,4%-ға), жұмыртқа — 0,2%-ға, тары — 0,1%-ға төмендегені байқалды.
Күріш, пастерленген сүт, тұздалмаған сары май бағасы тұрақты болып қалды.
Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың қыркүйегінде білім беру қызметтері 7,0% — ға (оның ішінде жоғары білім — 18,1% — ға, жалғасқан орта білім — 4,0% — ға), қоғамдық тамақтандыру-1,0% — ға, жеке автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу-0,6% — ға өсті
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында су бұру тарифтері 24,1% — ға, суық су тарифтері 2,0% — ға көтерілді.
Сақтандыру қызметтері 0,2% — ға төмендеді.
2021 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке 104,1 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 116,4%, оның ішінде республикалық бюджетке – 33,3 млрд.теңге (болжамға 105,5%), жергілікті бюджетке – 70,7 млрд.теңге (болжамға 122,5%).
2021 жылғы 1 қыркүйекке берешек сомасы 2,2 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 101,1%-ды құрады.
2021 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар 447,6 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 86,9 млрд.теңгені құрады.
Өзіндік кірістер 70 720,0 млн. теңгеге (жоспар – 57 751,3 млн.теңге) немесе 122,5%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 59 886,4 млн. теңгеге (жоспар – 52 690,9 млн.теңге) немесе 113,7%-ға, салықтық емес түсімдер 2 210,4 млн. теңгеге (жоспар – 1 244,6 млн.теңге) немесе 177,6%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 623,2 млн. теңгеге (жоспар — 3 815,8 млн.теңге) немесе 226,0%-ға орындалды.
Бюджеттік шығындар 99,8%-ға игерілді (322,8 млрд.теңге).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 47 368 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 22 879 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1411 адам, жастар практикасымен — 1603 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 10032 адам қамтылды.
Жаңадан 29674 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 16503. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 47152 адамның 32169 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2021 жылдың 2 тоқсанында 203 839 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда — 25,8%-ға, нақты — 17,2%-ға артты.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2021 жылдың 2 тоқсанында 91 931 теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға, нақты — 7,8%-ға өсті.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 72,0 мың тұрғынға 2 921,1 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 2789,6 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 94,8 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 36,7 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 218,5 млрд. теңге қарастырылды, 166,0 млрд. теңге есепті кезеңі жоспарына 100%-ға игерілді.
Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы 19,5 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен — 1,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 16,3 млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» аясында – 1,6 млрд. теңге).
Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы бюджет есебінен 14,5 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде жергілікті бюджеттен — 10,0 млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында – 4,5 млрд. теңге).
2021 жылы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орындық, Қордай ауданы Масаншы ауылындағы 600 орындық, Күнбатыс-2 ауылындағы 150 орындық, №2 орта мектебі ескі ғимараттарын бұзып, 318 орындық, №16 орта мектептің ескі «А» блогын бұзып 348 орындық орта мектептердің құрылсы пайдалануға тапсырылды.
Тараз қаласы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабындағы 600 орындық, №22 орта мектебінің орнына 600 орындық, Байзақ ауданы Көктал ауылындағы 600 орындық, Сенкібай ауылындағы 100 орындық, Шақан ауылындағы 100 орындық, Жамбыл ауданы Айшабибі ауылындағы 300 орындық, Жуалы ауданы Алатау ауылындағы 100 орындық, Дихан ауылындағы 180 орындық, Қордай ауданы Арал ауылындағы 180 орындық, Қалғұтты ауылындағы 180 орындық, Шу ауданы Төле би ауылындағы Әл-Фараби а. 300 орындық орта мектеп құрылыстары, Шу қ. Алтынсарин атындағы орта мектебіне жапсаржай құрылысы жалғасуда.
«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданы Луговое а. М.Горький атындағы орта мектеп казандығын газбен жабдықтау, Құлан ауылы Ю.Гагарин атындағы негізгі мектепке спорт зал жапсарлас құрылысын, Байзақ ауданы Үлгілі ауылында Үлгілі орта мектеп ғимаратына қосымша 100 орындық оқу бөлмелерін, Көкөзек ауылы Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына жапсарлас спортзал және асхана құрылысы, Аймантөбе ауылы Берікқара орта мектеп қазандығын қайта жаңарту, Қордай ауданы Беріктас ауылындағы №28, Қайнар ауылындағы №32, Қақпатас ауылындағы №30, Сарыбұлақ ауылындағы №31 орта мектептердің қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Шу ауданы Көкқайнар ауылында Естемесов атындағы орта мектепті газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізулуде.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Тараз қаласы «Арай» тұрғын алқабында 600 орындық, «Барысхан» тұрғын алабында 600 орындық, «Асқарова» тұрғын алқабында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізулуде.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 443 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 403 мектепте 2563 интерактивті тақталар орнатылды.
2021 жылғы 1 қазанына облыстағы 552 мектепке дейінгі ұйымдарымен (417 балабақша, 135 шағын орталықтар) 56,5 мың бала немесе 91,5% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,5 пайыздық тармаққа артық.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 22,4 млрд. теңге бөлініп, қаңтар-қыркүйек айларында 14,7 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге — 3,8 млрд. теңге бөлініп, 2,4 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық — техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 2,0 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 3,1 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,6 млрд. теңге (оның ішінде РБ — 4,1 млрд. теңге, ЖБ — 0,5 млрд. теңге) қарастырылған.
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында наркологиялық аурулармен сырқаттану деңгейінің төмендеуі байқалады. Психикалық бұзылулармен, қант диабетімен, қатерлі ісікпен, туберкулезбен, мерезбен, қан айналымы жүйесінің ауруларының өсуі байқалады. Ана өлімінің 6 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында -1, Байзақ ауданында — 2, Меркі ауданында — 1, Талас ауданында — 1, Шу — 1.