Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, комплаенс қызметінің жұмысын жетілдіру, бір көзден сатып алу, білім саласында жұмысқа қабылдау сияқты өзекті мәселелелер талқыға салынды.
Одан бөлек, «Ақшаны бояу» қағидасымен бюджетті бақылау туралы пилоттық жобасын өңірімізде енгізу туралы мәселе қаралды.
Аймақ басшысы бірқатар салалар бойынша мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қызметіне тексеру жүргізуді, жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша нақты шаралар қабылдау туралы хаттамалық тапсырмалар берді. Сондай-ақ жол саласы бойынша ауқымды мониторинг жүргізу бойынша жоспар әзірлеуді тапсырды.