2025 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 28,0 млрд.тг бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 17,7 шқ көше жолдарыжәне 8 дана көпір мен жол өткелдері құрылыспен, 8,0 шқ жолдарды қайта жаңғыртумен және 444,6 шқ жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған.
Аппараттық кеңесте жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов баяндама жасады.
«2025 жылы Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен 24 нысан бойынша 42 инспекциялық шығу өткізіліп, 149 сынама іріктелді. Оның 21% талапқа сай , 35% сынақ жүргізілуде , 44% сәйкессіздік анықталды» деді Мұрат Саурықов.
16 жоба бойынша сәйкессіздіктер болғанымен жұмыстар қабылданып 12 жоба бойынша қаржы ішінара, 4 жоба бойынша қаржы толығымен аударылған, және мемлекеттік сатып алу Веб-порталындағы ақпаратқа сәйкес 37 жоба бойынша сараптама жүргізілмей жұмыстар қабылданып, қаржыны ішінара және толық аудару фактілері де орын алған. 2025 жылы 11 жобада орташа жөндеу бойынша кепілдік мерзім мүлдем қарастырылмағаны анықталды