Конкурс халықаралық тәжірибеге сай ашық Көрме үлгісінде барлық санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары қатаң сақталып өткізілуде.
Конкурстың республикалық кезеңіне 19 секция бойынша – 679 жобамен 867 оқушы қатысуда (оның 188 топтық жобамен 376 оқушы), оның ішінде ауылдық елді мекендерден 62 оқушы.
Бағдарламаға сәйкес қатысушыларға тарихи ескерткіштер мен мұражайларға мәдени-танымдық экскурсиялар мен ойын-сауық шаралар ұйымдастырылады.
Конкурстың ережесі бойынша қорытынды кезеңнің қатысушылар санының 45 %-ы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталады.
Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 20-ға жуық ректорлық білім гранттары табысталады.
Конкурстың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ең үздік жобалары АҚШ-та өтетін Regeneron ISEF-2024 Дүниежүзілік Ғылым және техника көрмесіне Қазақстанның атынан қатысады, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 3500-ден астам оқушылардың зерттеу жобаларының ең үздік өнертабыстары ұсынылады.
Ғылыми жобаларды қорғау 27-28 ақпан күндері сағат 09.00-ден 18.00 аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешені базасында өтуде.
Конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 1 наурыз күні сағат 10.00-де К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында өтеді.