Субсидиялау саласына жүргізілген мониторинг барысында субсидия төлеу кезінде кезектілікті жүйелі түрде сақтамау, субсидияны уақытылы төлемеу және жекелеген шаруаларға артылықшылық көрсету түріндегі жемқорлыққа алып келетін тәуекелдер анықталған.
Мысалы, 2023 жылғы шілде айында кезекке тұрған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдерінен бұрын, кезекке кейінірек тұрған, яғни 2023 жылдың қазан айындағы өтінімдер қаралып оларға субсидия төленгендігі белгілі болды.
Аталған кемшіліктер субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен «Қазынашылық» ақпараттық жүйелері арасында интеграцияның жоқтығынан және жекелеген қызметкерлерде дискрециялық өкілеттіктердің болуынан орын алған.
Департаменттің ұсынысынан кейін облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия төлеу бойынша төлем құжаттарын қарау алгоритмін бекітті және дер кезінде қаралмаған 243 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің субсидиялары төленді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі