Жамбыл облысында 1 қыркүйек “Білім күні” 6 алты жаңа мектеп оқушыларды қабылдады.
Алты мектептің төртеуі тозығы жеткен мектептер жаңа ғимаратқа ауысса, ал екеуі үш ауысымның мәселесін шешілмек. Негізі жыл соңына дейін тағы төрт мектеп пайдалануға берілді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Арал ауылындағы бастауыш сынып ұстазы 28 жылдық жұмысы өтіле бар Динара Джолдасбаева пікірін білдім.
“Мен бастауыш сыныпқа мұғаліммін. Осы ескі мектепке бастадым. Осы мектепке 97 жылы кірдім. Отыз жылға дейін жұмыс істеп жүрмін. 28 жылда оқушыларымның ішінде жоғары оқу орнына түскендері бар, ұстаздық жолын қуған оқушыларым бар. Мақтанатын оқушыларым көп.
Ең бірінші 97 жылы мектепке келген кезде 16 оқушы болды. Жылдан жылға көбейіп міне былтыр 31 болды бірінші сыныпта. Биыл да сол 31 оқушы. Ауылда өсім бар” деді Динара Джолдасбаева.
Үш ауысымдық мектепте білім алып жүрген көпбалалы ата ана Динара Тойшыбекова пікірін айтты.
“ Жаңа мектеп үй жағымда орналасқан. Жаңа мектеп. Үлкен трассаның бойынан балам арға бетке өтпейді. Уайымдаймын. Өйткені қазір пешеходқа көліктер тоқтамайды қазір. Мынау дүкеннің жанында бір көлік пешеходқа қарамай адам қағып кетті. Қарамайды. Зу етіп өтіп кетеді. Біз пешеходта тұрып, бірінші көлікті өткізіп жібереміз, сосын барып өтеміз. Иә төрт балам бар. Үшеуі оқиды. Иә енді уайымдамаймын” деді Динара Тойшыбекова.